Рыбакина Қазақстанға жеңіс сыйлады
Теннис
Olympic.kz
Астанадағы Beeline Arena хард-кортында өткен Билли Джин Кинг кубогының плей-офф кезеңінде Қазақстан әйелдер құрамасы Оңтүстік Кореяны 2:0 есебімен алға озды. Бұл нәтиже құраманың ертеңгі кездесулерде сенімді ойнауына мүмкіндік бермек.
Екінші жеңісті әлемнің 355-ші ракеткасы Со Хён Пакпен кездескен Елена Рыбакина әкелді. Экс-ресейлік теннисші қарсыласын небәрі 1 сағаттан сәл астам уақыт ішінде жеңіп шықты. Есеп: 6:2, 6:2.
Ал алғашқы кездесуде Зарина Дияс қиындыққа қарамастан Да Ён Бакты жеңді: 3:6, 6:3, 7:6.
Ертең, 17 қараша күні, қазақстандықтарға келесі раундқа мерзімінен бұрын жолдама алу үшін тағы бір жеңіс қажет.