Рыбакина Forbes журналының топ ондығында
KTF
Қазақстанның үздік теннисшісі Елена Рыбакина 2024 жылы кортта ең көп табыс тапқан теннисшілердің Forbes журналы жариялаған тізімінде үздік 10 қатарына енді, деп хабарлайды Bassport.kz Tengri.sport-қа сілтеме жасап.
Мәліметтерге сәйкес, Елена Рыбакина 2024 жылы 3 миллион 876 мың 915 доллар (1,9 миллиард теңге) табыс тауып, рейтингте 7-орынға жайғасты. Ол бельгиялық Элиза Мертенсті (2,783 миллион доллар – 1,38 миллиард теңге) және америкалық Эмма Наварроны (2,751 миллион доллар – 1,36 миллиард теңге) басып озды.
Рыбакинаны алда америкалық Джессика Пегула (4,186 миллион доллар – 2 миллиард теңге) және чехиялық Барбора Крейчикова (4,77 миллион доллар – 2,365 миллиард теңге) орналасқан. Рейтингтің бірінші орнын беларусьтік Арина Соболенко иеленді, оның жылдық табысы – 9,729 миллион доллар (4,823 миллиард теңге).