Елена Рыбакинаның 2024 жылғы табысы рекордтық көрсеткішке жетті

Елена Рыбакинаның 2024 жылғы табысы рекордтық көрсеткішке жетті
Теннис

KTF

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина 2024 жылғы маусымда керемет нәтижелерге қол жеткізіп, жалпы табысын 3,9 миллион долларға жеткізді, деп хабарлайды Bassport.kz

Спортшы WTA 500 санатындағы үш турнирде жеңіске жетіп, оның ішінде Брисбен (Австралия), Әбу-Даби (БАӘ) және Штутгарттағы (Германия) турнирлерде чемпион атанды.

Жалпы осы үш турнирден Рыбакина 485 480 доллар табыс тапты. Сонымен қатар, Штутгарттағы жеңісінен кейін құны 180-210 мың еуро болатын Porsche автокөлігінің иесі атанды.

Маусым бойы 15 турнирге қатысқан Рыбакина WTA Финалдық турнирінде де сәтті өнер көрсетті. Әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенканы жеңуімен жалпы жүлде қоры 685 мың долларға дейін ұлғайды. 2024 жыл қорытындысы бойынша Рыбакина 1,9 миллиард теңге табысқа жетіп, Қазақстан теннисіндегі ең табысты спортшылардың біріне айналды.