Нұрила Асанқызы – жауынгерлік самбодан әлем чемпионы
Басқа
Спортты дамыту дирекциясы
Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы спорт сарайында өткен ересектер арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық Нұрила Асанқызы жауынгерлік самбо бойынша әлем чемпионы атанды.
Ол +80 кг салмақта финалдық жекпе-жекте түркіменстандық Сабина Агажановамен кездесіп, 7:4 есебімен жеңіске жетті.
Айта кетейік, бұл жарыс жауынгерлік самбо бойынша әйелдер арасындағы алғашқы әлем чемпионаты болды.