Самбодан ұлттық құраманың аға жаттықтырушысы: “2 алтын алу жоспарда бар”
Басқа
Instagram: @sambo.qazaqstan
Астана қаласында ересектер арасында жауынгерлік, спорттық самбодан және зағип жандар арасында самбодан Әлем чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды Bassport.kz
Спорттық самбодан ересектер ұлттық құрама командасының аға жаттықтырушысы Дархан Сержанов жарыс туралы өз пікірін білдірді.
“Әлем чемпионатында 2 алтын аламыз деген ниеттеміз. Әлем чемпионатына барлығы сақадай сай келеді. Әлемдік дода болғаннан кейін, әр елдің кіл мықтылары жиналады. Басты қарсылас ретінде Ресей құрама командасын қарастырамыз.”
Айта кетейік, жарысқа 80 елден 469 спортшы қатысып жатыр. Чемпионатта алғаш рет әйелдер арасында жауынгерлік самбо және зағип жандар үшін арнайы жарыстар өтуде.