Астанада самбодан Әлем чемпионатының ашылу салтанаты өтті
Басқа
Қазақстан Самбо федерациясы
Астана қаласында ересектер арасында жауынгерлік, спорттық самбодан және зағип жандар арасында самбодан Әлем чемпионатының ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды Bassport.kz
Жарысқа 80 елден 469 спортшы қатысуда. Іс-шараға ҚР Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев, Астана қаласы әкімінің орынбасары Ерік Мейрханов, Халықаралық самбо федерациясының президенті Василий Шестаков және Қазақстандық самбо федерациясының басшысы Айдос Ақжанов қатысты. Спикерлер чемпионаттың маңыздылығын атап өтіп, спортшыларға сәттілік тіледі.
Айта кетейік, Чемпионатта алғаш рет әйелдер арасында жауынгерлік самбо және зағип жандар үшін арнайы жарыстар өтуде.