Таразда қазақ күресінен ҚР чемпионаты басталды

Таразда қазақ күресінен ҚР чемпионаты басталды
Күрес

Жамбыл облысының орталығы – Тараз қаласында қазақ күресінен ересектер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты басталды, деп хабарлайды Bassport.kz

«Тараз-Арена» спорт кешенінде өтіп жатқан байрақты бәсекеге Астана, Алматы және Шымкент қалалары мен 17 облысынан келген 450-ден астам балуан сайысып, кілемде кіл мықтыны анықтауда.

Білекті балуандар бәсекесі КСРО-ның және Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Жамбыл облысының Құрметті азаматы Жақыт Марат Нұрмұхамбетұлының 80 жылдық мерейтойына орайластырылып отыр.

Қазақстан Республикасы чемпионатының бағдарламасына сәйкес, балуандар 16 салмақ дәрежесінде сынасады.  

Жарыс бағдарламасы келесідей:  

7 қараша

10:00 – жарыстың басталуы.

Ерлер: -90 кг, -100 кг, +100 кг.

Әйелдер: -70 кг, -77 кг, +77 кг.

8 қараша

10:00 – жарыстың басталуы.

Ерлер: -66 кг, -74 кг, -82 кг.

Әйелдер: -56 кг, -60 кг, -65 кг.

9 қараша

10:00 – жарыстың басталуы.

Ерлер: -55 кг, -60 кг, Түйе балуан.

Әйелдер: -48 кг, -52 кг.

Айта кетсек, Қазақстан Республикасының чемпионаты 9 қараша күні өз мәресіне жетеді.