Артем Саркисян семсерлесуден Әлем кубогының 1/16 финалына шығу үшін бақ сынайды

Артем Саркисян семсерлесуден Әлем кубогының 1/16 финалына шығу үшін бақ сынайды
Семсерлесу

Olympic.kz

Оран қаласында (Алжир) семсерлесуден әлем кубогының кезеңі басталды, деп хабарлайды Bassport.kz Olympic.kz сілтеме жасап.

Сайыстың бірінші күнінің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасынан тек бір спортшы 1/32 финалға жолдама алды. Бұл кезеңде ел намысын Артем Саркисян қорғайды. 1/16 финалға шығу үшін ол Италиядан барған Эдоардо Кантинимен кездесу өткізеді. Ерлер арасындағы турнир 9 қараша күні жалғасады.

Айта кетейік, 8 қарашада әйелдер арасында медалдар үшін күрес басталады. Қазақстан атынан Карина Доспай, Әйгерім Сарыбай, Анастасия Гулик және Жасмин Капыджы қатысады.