Қазақстандық теннисші халықаралық турнирдің финалисі атанды
Теннис
KTF.KZ
Грекияның Месин қаласында ITF санатындағы арбамен теннис турнирі аяқталды, деп хабарлайды Bassport.kz.
Қазақстандық Жанат Үмітқұлова жұптық сында алғаш рет турнирдің финалисі атанды, деп мәлімдеді ҚТФ баспасөз қызметі.
Үмітқұлова латвиялық серіктесі Диана Никифорова (әлемдік рейтингте 66-орында) екеуі финалдық ойында болгариялық Зоя Чавдарова және румыниялық Кристина Деак жұбына 2:6, 3:6 есебімен есе жіберді.
Айта кетейік, биыл наурыз айында Таиландтың Паттайя қаласында BNP Paribas World Team Cup арбамен теннистен командалық әлем чемпионатының Азия аймағы бойынша іріктеу кезеңі өтті. Оған Қазақстанның ерлер және әйелдер құрамалары алғаш рет қатысқан болатын.