19 жастағы Қазақстандық теннисші әлемдік рейтингте 40 сатыға жоғарылады
Теннис
Olympic.kz
Қазақстандық теннисші Аружан Сағандықова Әйелдер теннис қауымдастығының (WTA) рейтингінде орынын 40 сатыға жақсартты, деп хабарлайды Bassport.kz Tengri Sport-қа сілтеме жасап.
19 жастағы қазақстандық теннисші ITF W15 турнирінде (Өскемен) сәтті өнер көрсеткеннен кейін WTA рейтингінің алғашқы 1000-дығына алғаш рет кірді. Бұл турнирде Сағандықова финалға дейін жетіп, 23 рейтингтік ұпай жинады.
Аружан Сағандықова - әлемнің үздік мың теннисшісі қатарына енген сегізінші қазақстандық спортшы. Сонымен қатар, топқа төмендегі спортшылар жайғасқан: Елена Рыбакина (6-орын), Юлия Путинцева (29-орын), Жібек Құламбаева (328-орын), Зарина Дияс (383-орын), Соня Жиенбаева (633-орын), Анна Данилина (895-орын) және Сандуғаш Кенжебаева (904-орын).