Ел спортшылары Тоқаевпен бірге Париждегі қабылдауда болды

Ел спортшылары Тоқаевпен бірге Париждегі қабылдауда болды
Басқа

Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Францияға мемлекеттік сапары аясында бірнеше қазақстандық спортшы да арнайы шараларға қатысты, деп хабарлайды Bassport.kz 1bol-ға сілтеме жасап.

Франция президентінің атынан ұйымдастырылған Мемлекеттік қабылдауға Францияның Үкімет мүшелері, белгілі саясаткерлер, іскерлік топ, ғылым және дипломатия өкілдері, сондай-ақ екі елдің көрнекті мәдениет және спорт қайраткерлері шақырылды.



Оның ішінде Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов (дзюодо), Паралимпиаданың екі дүркін чемпионы Давид Дегтяров, Лондон Олимпиадасының чемпионы Александр Винокуров бар. Ал Франция тарапынан үстел теннисінен Париж олимпиадасының қола жүлдегері Алексис Лебрен шақыртылды. Ол Қасым-Жомарт Тоқаевпен үстел теннисін ойнаған.