«Қайсар» 10 ойыншымен жеңіске жетті
Футбол
ФК Қайсар
Футболдан Қазақстан Премьер лигасының 24-туры аясында «Қайсар» түркістандықтардан басым түсті, деп хабарлайды Bassport.kz
Түркістанда өткен тартысты ойында, қызылордалықтардың асығы алшасынан түсті. Ойынның 59-минутында «Қайсардың» жартылай қорғаушысы Горан Милойко қызыл қағаз алып, ойыннан қуылды. Алайда, 71-минутта «Тұран» қақпасына пенальти белгіленіп, «Қайсар» шабуылшысы Айбар Жақсылықов он бір метрлік айып добын мүлтіксіз орындады. Түркістандықтар есепті теңестіруге тырысқанымен нәтиже өзгермеді.
Айта кетейік, түркістандықтар қалған екі турда «Жеңіс» және «Ақтөбе»командаларымен бақ сынаса, қызылордалықтар «Қызылжар» және «Тобылмен» шын мықтыны анықтап көрмек.