UFC чемпионы Шавкат Рахмоновты қалай жеңетінін айтты

UFC чемпионы Шавкат Рахмоновты қалай жеңетінін айтты
Жекпе-жек

boxemag.com

АҚШ-тың жартылай орта салмақтағы UFC чемпионы Белал Мухаммад (24-3) алдағы уақытта қазақстандық жеңілмеген Шавкат Рахмоновпен (18-0) болатын жекпе-жегі жайында өз ойымен бөлісті, деп хабарлайды Bassport.kz Vesti.kz сілтеме жасай отырып.  


MMA Fighting басылымына берген сұхбатында Мухаммад жаттықтырушыларымен бірге қарсыласын жан-жақты талдағанын және оның әлсіз тұстарын қоладануға дайын екенін айтты.  


“Мен әрқашан қарсыласымды алдын ала зерттеп, жекпе-жекке айқын жоспармен шығамын. Шавкаттың көп мықты жақтары бар, бірақ мен оның кемшіліктерін де байқадым. Оның басты артықшылығы – менталитетінде. Көптеген спортшылар қиын сәттерде беріліп кетеді, ал Рахмонов әлі ондай жағдайларға тап болған жоқ. Барлығы оны “робокоп” деп атайды, мен оның шынымен де осындай ма, екенін тексеруім керек. Менің жоспарым – оны “өшіріп”, есінен тандыру. Барлық мақсатым осы,” – деді Мухаммад.