Алматы турнирінде Александр Шевченко отандасы Михаил Кукушкинді жеңді
Теннис
Спортты дамыту дирекциясы
Қазақстанның екінші, әлемнің 61-ракеткасы Александр Шевченко Алматы ATP 250 турнирінің екінші айналымына өтті.
Қазақстандық теннисші алғашқы айналымда жарысқа іріктеу сайыстарынан кейін қосылған отандасы, рейтингіде 111-орында тұрған Михаил Кукушкинмен сынға түсті.
Қос қазақстандық теннисшінің кездесуі екі тай-брейкте шешілді – 7:6 (7:5), 7:6 (7:4). Жеңіс Шевченконың еншісінде кетті.
Екі сағат 23 минутқа созылған тартысты бәсеке барысында Шевченко 8 эйс жасап, 10 брейк-пойнттың екеуін өз есебіне жазды. Кукушкин 4 эйс, 2 брейкпен (4 брейк-пойнт) көзге түсті.
Александр Шевченко ширек финалға шығу үшін рейтингіде 139-сатыдағы ресейлік Аслан Карацевпен таласады.