Букмекерлік кеңселер депутатты сотқа берді

Букмекерлік кеңселер депутатты сотқа берді
Басқа

Forbes.kz

Қазақстанның букмекерлер қауымдастығы Respublica партиясынан сайланған Мәжіліс депутаты Руслан Берденовты сотқа берді. Bassport.kz бұл туралы 1bol.kz-ке сілтеме жасап.  

Бұған дейін аталған депутат Қазақстанда букмекерлік кеңселердің жарнамасына тыйым салу мәселесін көтеріп, бұл бастама Ойын бизнесі туралы заң ішіне енді.

«Жауапкер Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты («Respublica» саяси партиясы фракциясының мүшесі) бола тұра, ойын бизнесін ұйымдастырушылардың іскерлік беделіне нұқсан келтіретін жалған мәліметтерді таратуға бірнеше рет жол берді. Ол таратқан ақпараттар ойын бизнесі және спорттық бәс тігу саласындағы реттеуді қатаңдататын заң жобаларының негізінде пайдаланылды», - делінген букмекерлік кеңселердің Берденовке қарсы Алматы қаласы Бостандық аудандық сотына берген талап арызында. 

Сала өкілдері атап өткендей, ар-намысты қорлайтын ақпаратты тарату жауапкердің депутаттық қызметі аясында көпшілік алдында сөйлеген сөзінде де, әлеуметтік желілер мен ақпараттық ресурстар арқылы да таратылған. Букмекерлер қауымдастығы Берденовтің мына айтқаны шындыққа жанаспай, компаниялардың абырой-беделіне нұқсан келтірдірді, деп санайды:

Қазақстанда құмар ойындарға тәуелді шамамен 350 мың азамат бар деген деректер расталмады, өйткені денсаулық сақтау министрлігінің жауабына сәйкес, 2023 жылдың сегіз айында құмар ойындарға патологиялық әуестігі бар деген диагнозбен динамикалық бақылауда 10 адам тұрған (2022 жылы – 10 адам, 2021 жылы – сегіз адам, 2020 жылы – тоғыз адам);

Қазақстандағы құмар ойынға тәуелділердің әрқайсысының орташа қарызы 10 млн теңге шамасында деген деректер Ұлттық банкпен расталмады;

«Құмар ойынға әуес балалар» және құмар ойындарға әуестік ажырасудың негізгі себебі деген деректер расталмады, өйткені мұндай деректер Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі мен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде жоқ.