«Қайрат» футзалдан 2024 жылғы Қазақстан суперкубогының иегері атанды

«Қайрат» футзалдан 2024 жылғы Қазақстан суперкубогының иегері атанды
Футзал

Қайрат ФК

Алматылық «Қайрат» футзалдан 2024 жылғы Қазақстан суперкубогының иегері атанды. Bassport.kz бұл туралы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.   

Суперкубокта алматылық «Қайрат» Абай облысының «Семей» клубын 3:1 есебімен тізе бүктірді. Алматылық клуб сапынан Алиссон Невес 2 гол соқса, Кайо Руиз 1 мәрте көзге түсті. Оған «Семей» сапынан Кайо Торрес бір голмен жауап қайырды. Енді «Семей» және «Қайрат» клубтарының футзалдан Чемпиондар лигасы негізгі кезеңнің төртінші тобындағы ойындарға қатысады. Чемпиондар лигасы негізгі кезеңінің ойындары 22-27 қазан күндері Алматы қаласында өткізіледі. Онда қазақстандық командалар «Спортинг» (Португалия) және «Халадаш» (Венгрия) клубтарымен шеберлік байқасады. 

Айта кетсек, әрбір топтан үш үздік команда жарыстың элиталық кезеңіне шығады. Сондай-ақ алматылық клуб 2012/2013, 2014/2015 жылдарда аталған турнирде жеңімпаз атанған еді. Ал, семейлік клуб еурокубок ойындарында алғаш рет сынға түседі.