«Барыс» жаңа бас бапкерінің жетекшілігіндегі алғашқы жеңісіне қол жеткізді

«Барыс» жаңа бас бапкерінің жетекшілігіндегі алғашқы жеңісіне қол жеткізді
Хоккей

«Барыс» ХК

Астаналық «Барыс» Минскіде жергілікті «Динамо» командасымен кездесіп, 2:1 есебімен жеңіске жетті. Бұл - команданың жаңа бас бапкер Ғалым Мамбетәлиевтің жетекшілігінде қол жеткізген алғашқы жеңісі, деп хабарлайды BasSport.kz. 

Елордалық ұжым сапынан Әлихан Өмірбеков пен Кирилл Панюков шайба соғып, көзге түсті. Команда капитаны Кирилл ойынның аяқталуына 30 секунд қалғанда гол соғып, жеңіс шайбасының авторы атанды. 

«Динамо» (Минск) - «Барыс» (Астана) - 1:2 (1:0, 0:1, 0:1)

1:0 - 18:48 - Тирни (Дюбе, Мороз)

1:1 - 34:51 - Өмірбеков (Әсетов, Жафяров) 

1:2 - 59:30 - Панюков (Өмірбеков) 

Қақпашылар: Вельмакин - Бояркин