Үстел теннисінен Қазақстан ерлер командасы Азия чемпионатында ширек финалға шықты

Үстел теннисінен Қазақстан ерлер командасы Азия чемпионатында ширек финалға шықты
Теннис

olympic.kz

Үстел теннисінен Қазақстанның ерлер командасы Астанадағы чемпионатта ширек финалға шығу мүмкіндігіне ие болды, Bassport.kz бұл туралы ҰОК-ге сілтеме жасап хабарлайды. 

Командалық жарыста үздік 8 команданың бірі атану үшін отандық спортшылар Сауд Арабиясын жеңуі керек болды. Қазақстандық команда бұл міндетін орындап, қарсыластарынан 3:0 есебімен қапы қалдырды. 

Құраманың жеңіске жетуіне Кирилл Герасименко, Алан Құрманғалиев, Айдос Кенжеғұлов үлес қосты.

Ширек финал матчы ертең, 9 қазан күні өтпек. Ертеңгі матчтың қарсыласы кейінірек анықталады.