БАӘ-де өтетін Grand Slam турниріне қатысатын 13 дзюдошы белгілі болды
ҰОК
11-13 қазан аралығында Әбу-Дабиде (БАӘ) дзюдодан Grand Slam турнирі өтеді. Онда бақ сынайтын дзюдошылардың тізімі жарияланды. Bassport.kz бұл туралы Olympic.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Нақтырақ айтар болсақ, Қазақстанның атынан аталған додаға 13 спортшы қатысады.
Турнирде ел намысын қорғайтын спортшылар тізімі төмендегідей:
Әйелдер:
- Әбиба Әбужақынова (48 келіге дейінгі салмақта)
- Эсмигуль Куюлова (63 келіге дейінгі салмақта) - Назгүл Маратова (78 келіден жоғары салмақта)
- Карина Такиева (78 келіден жоғары салмақта) Ерлер:
- Мағжан Шамшадин (60 келіге дейінгі салмақта)
- Дәурен Суюкенов (60 келіге дейінгі салмақта) - Әділбек Берікұлы (66 келіге дейінгі салмақта) - Дархан Қойбағар (73 келіге дейінгі салмақта)
- Ермек Амангелді (73 келіге дейінгі салмақта)
- Жалғаc Қайролла (80 келіге дейінгі салмақта)
- Руслан Мусаев (81 келіге дейінгі салмақта)
- Әділет Сапарғалиев (100 келіге дейінгі салмақта)
- Мәди Еділбаев (100 келіден жоғары салмақта)