Әбиба Әбужақынова Abu Dhabi Grand Slam турниріне қатысады

Әбиба Әбужақынова Abu Dhabi Grand Slam турниріне қатысады
Дзюдо

Қазақстан дзюдо федерациясы

Дзюдодан Қазақстан ұлттық құрамасы 11-13 қазан күндері Abu Dhabi Grand Slam жарысына қатысады. Bassport.kz бұл туралы 1bol.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

БАӘ-де өтетін турнирге әлемнің 33 мемлекетінен 236 спортшы күрескелі отыр. Аталған сынға еліміздің ерлер және әйелдер командасы толық емес құрамда қатысады. Париж Олимпиадасынан кейін екінші рет ірі жарысқа қатысқалы отырған отандық татами шеберлерінің арасында әлем біріншілігінің екі дүркін қола жүлдегері Әбиба Әбужақынова да бар. Сондай-ақ 60 келіде Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметовтің басты қарсыласының бірі Мағжан Шамшадин де белдеседі. 

Бұған дейін Қазақстан ұлттық құрамасы қыркүйек айының ортасында Загреб Гран Приіне қатысып, 3 2 алтын, 1 күміс жүлде иеленген болатын. 

Ерлер:

Мағжан Шамшадин (-60 кг) Дәурен Сүйеукенов (-60 кг) Әділбек Берікұлы (-66 кг) Дархан Қойбағар (-73 кг) Ермек Амангелді (-73 кг) Жалғас Қайролла (-81 кг) Руслан Мұсаев (-81 кг) Әділет Сапарғалиев (-100 кг) Мәди Еділбаев (+100 кг). 

Әйелдер:

Әбиба Абужақынова (-48 кг) Эсмигүл Куюлова (-63 кг) Назгүл Маратова (+78 кг) Карина Такиева (+78 кг).