«Ақтөбе» 2024 жылғы Қазақстан кубогының иегері атанды

«Ақтөбе» 2024 жылғы Қазақстан кубогының иегері атанды
Футбол

Ақтөбе ФК

«Ақтөбе» футбол клубы Қазақстан кубогын жеңіп алды, деп хабарлайды Bassport.kz. 

«Ақ-қызылдар» финалда «Атырау» командасымен кездесті.  

Алматыдағы Орталық стадионда өткен ойында алғашқы голды атыраулықтар сапынан Николай Сигневич салды. Ал, «Ақтөбе» 1:0 жеңіліп жатып, матч аяқталуға жақындағанда керемет камбэк жасап кетті. Олар ойынның 89-минутында пенальти тебуге мүмкіндік алды. Әлібек Қасым 11 метрліктен мүлт кеткен жоқ. Араға көп уақыт салмай Фрэдди Гандола есепті 1:2-ге жеткізіп, командасына жеңіс әрі маңызды трофейді сыйлады.