Көшпенділер ойындары: Түркістан спортшылары ел қоржынына 5 алтын, 1күміс, 1 қола жүлде салды
Басқа
Ашық дереккөз
Астана қаласында өтіп жатқан V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының екінші жарыс күнінде түркістандық спортшылар ел қоржынына 5 алтын, 1 күміс, 1 қола жүлде салды. Бұл туралы Bassport.kz Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Атап айтсақ, Ермек Құралбаев, Алмат Ләтіпбек, Дарын Өткелбай аударыспақтан алтын жүлде еншілесе, қазақ күресінен әйелдер арасында Айжан Жылқыбаева Көшпенділер ойындарының жеңімпазы атанды. Тағы бір алтын жүлдені ел қоржынына жамбы атудан Батыр Бексауыт салды.
Ал жамбы атудан күміс жүлдені Айтбек Сарыбай, қола жүлдені Ералхан Айкөз еншіледі.
Айта кетейік, жарыстың екінші күні ҚР ұлттық құрамасы қоржынында жалпы 9 алтын, 1 күміс және 5 қола медаль бар.