Түркістанда пара каноэден Қазақстанның ашық кубогы басталды
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Түркістан қаласында 16-19 қыркүйек күндері олимпиадалық стандартқа сай жаңа ескек есу арнасында параканоэден Қазақстан Республикасының Ашық Кубогы басталды. Бұл туралы Bassport.kz Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Жарыстың салтанатты ашылуында Халықаралық байдарка және каноэда есу федерациясының (ICF) вице-президенті Сесилия Фариас пен Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының міндетін атқарушы Айдос Қалтаев құттықтау сөз сөйлеп, сайысқа қатысушы спортшыларды құттықтады.
Параканоэ спорты - Паралимпиада ойындарының бағдарламасына енгізілген. Жарысқа еліміздің 5 өңірімен қатар, көршілес Өзбекстаннан келген 100-ден аса спортшы қатысып, бақ сынауда. Алғашқы күнгі жарыс жолына шыққан спортшылар арасында Түркістан облысының ескекшілері мәре сызығын бірінші кесті.