Қазығұрттық қос команда шағын футболдан ел біріншілігіне жолдама алды

Қазығұрттық қос команда шағын футболдан ел біріншілігіне жолдама алды
Басқа

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Қыркүйек айының 11-15 күндері аралығында Шымкент қаласында шағын футболдан ел бірінішілігі өтеді. Бұл туралы Bassport.kz Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Қазақстан Шағын Футбол Федерациясының ұйымдастыруымен өтетін байрақты бәсекеге еліміздің түкпір-түкпірінен 56 команда қатыспақ. Жеңімпаздар 2025 жылы Әзербайжан елінің астанасы Баку қаласында өтетін әлем чемпионатының жолдамасына таласады.

Түркістан облысының іріктеу турнирінде чемпион атанған Қазығұрт ауданының “Ынталы” командасы және Шымкент қаласында өткен жарыстың 3 орын иегері “Қазығұрт” құрамасы ел біріншілігінде бақ сынамақ.

Айта кетейік, Түркістан облысы бойынша тек Қазығұрт ауданы ғана 2 жолдамаға қол жеткізіп отыр. Бүгінгі таңда, ала допты серік еткен жігіттер турнир алдындағы дайындықтарын пысықтап, сақадай сай болып баруға барларын салуда.