Елордада шорт-тректен Қазақстан чемпионаты өтеді

Елордада шорт-тректен Қазақстан чемпионаты өтеді
Қысқы спорт

Шорт-трек

Астанада шорт-тректен Қазақстан чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Bassport.kz ҰОК-ге сілтеме жасап.  

Турнир 1-5 қазан аралығында ұйымдастырылады. Республикалық турнир арқылы алдағы халықаралық жарыстарға, жаңа маусымға қатысатын құрам жасақталады. Алғашқы екі әлемдік дода 26-27 қазан күндері өтеді. Канаданың Монреаль қаласы World Tour сериясындағы турнирлерді бастамақ.