Елдос Сметов, Назым Қызайбай және ағайынды Оралбайларға қымбат автокөлік сыйға берілді

Елдос Сметов, Назым Қызайбай және ағайынды Оралбайларға қымбат автокөлік сыйға берілді
Басқа

Сырымбек Таудың әлеуметтік желідегі парақшасынан

Париж Олимпиадасында жүлде алған қазақстандық бірнеше спортшыға Жұмабек Жанықұлов пен Сырымбек Тау бастаған кәсіпкерлер қымбат сыйлықтар табыстады. Бұл туралы Bassport.kz 1bol.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

Олардың қатарында дзюдодан Олимпиада чемпионы атанған Елдос Сметов, бокстан күміс жүлде алған Нұрбек Оралбай, қола жүлдегер Назым Қызайбай және жүлдесіз қалған Айбек Оралбай бар.

Бұл туралы Сырымбек Тау өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында бейнежазба жариялады. Атап айтқанда, Елдос Сметовке жол талғамайтын Mercedes-Benz GLE автокөлігі берілсе, ағайынды Нұрбек пен Айбектің әрқайсысына Toyota Pradо мінгізген. Ал, Назым Қызайбайға Mini Cooper автокөлігі сыйға тартылды.