Бәйге: Қазақ сәйгүліктері 3 200 метр қашықтықта алдына қара салдырмады

Бәйге: Қазақ сәйгүліктері 3 200 метр қашықтықта алдына қара салдырмады
Басқа

Мақсат Шағырбаев/Kazinform

Дүниежүзілік көшпенділер ойынында ұшқыр бәйгеден 3 200 метр жарыс жолына шыққан дөненнен жоғары жастағы (4 жасар және одан жоғары) аттардың арасында жүйріктер анықталды. Бұл туралы Bassport.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап хабарлайды. 

3 200 метр қашықтықта сынға түскен 7 сәйгүлік арасында алғашқы үштікті тағы да Қазақстан жүйріктері жеңді. Мәре сызығын бірінші болып «Лайф’с Э Бриз» кессе, екінші орынды «Уэст Кост Найт» иеленді. Үздік үштікті «Аляска Тайгер» түйіндеді.