Қазақстан көкпаршылары финалда Қырғызстан құрамасын жеңді

Қазақстан көкпаршылары финалда Қырғызстан құрамасын жеңді
Басқа

ҚазАқпарат

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында көкпардан Қазақстан ұлттық құрамасы жеңіске жетті, деп хабарлайды Bassport.kz. 

Отандастарымыз финалда қырғыз шабандоздарынан басым түсті. Ойынның бірінші кезеңінде Қырғызстан құрамасы 1:3 есебімен алда болды. 

Ойын кезінде көкпаршылар жанжалдасып, финалдық ойын уақытша тоқтатылды. Қос тарап сабырға келіп, кейіннен ойын қайта жалғасты. 

Екінші кезеңде Қазақстан құрамасы есепті теңестіріп қана қоймай, 4:3 есебімен алға шыққан. Алайда қырғыздар ойын аяқталар тұста салым салып, таразы басын теңестірді. Қосымша уақыттағы сайыста 5:4 есебімен Қазақстан құрамасы жеңіске жетті.