Қазақстан құрамасы көкпардан Өзбекстанды 16:0 есебімен жеңді

Қазақстан құрамасы көкпардан Өзбекстанды 16:0 есебімен жеңді
Басқа

«Ұлттық және ат спорт түрлері орталығының» баспасөз қызметі

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында көкпардан Қазақстан ұлттық құрамасы Өзбекстан көкпаршыларын 16:00 есебімен жеңді, деп хабарлайды Bassport.kz «Ұлттық және ат спорт түрлері орталығының» баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Бірінші таймда қазақстандық көкпаршылар 8:0 есебімен алда болды. Екінші кезеңде жарыс қожайындары есепті 16:0-ге жеткізді. «Қарсыласымызды өте жақсы білеміз. Өзбекстанға барғанда ойнағанбыз. Аттарымызды барынша дайындадық. Жеңіске жетуге барымызды салдық», - деді көкпардан ұлттық құрама спортшысы Құрманбек Тұрғанбек.

Айта кетейік, «Қазанат» ипподромында өтіп жатқан көкпар бәсекесіне 9 мемлекеттің құрамасы қатысып жатыр. Финалдық ойындар 12 қыркүйекте өтеді.