Аударыспақтан қазақстандық 3 спортшы финалға жолдама алды

Аударыспақтан қазақстандық 3 спортшы финалға жолдама алды
Басқа

Дәулет Ізтілеу

Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында аударыспақтан жарыс өтіп жатыр. Бұл туралы Bassport.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап хабарлайды. 

Этноауылда өтіп жатқан дүбірлі доданы көруге жиналғандардың қарасы көп. Аударыспақ ойындарына 9 елден 64 ойыншы қатысуда. Оның қатарында Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Моңғолия, Ресей, Қытай, АҚШ, Түркия және Венгрия бар. 

«Түстен кейін өтетін ақтық сынға Қазақстаннан үш спортшы жолдама алды. Олар – Ермек Құралбай (60 келі), Алмат Ләтіпбек (70 келі) және Дарын Өткелбай (80 келі). Жалпы аударыспақ бойынша қазақ және қырғыз командасы мықты саналады», - деді аударыспақ спортынан Қазақстан құрамасының бас баспкері Жанбатыр Бимұсаев.

Айта кетейік, бүгін 9 қыркүйек күні Астана қаласында V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысушы спортшылар 7 спорт түрінен сынға түсіп жатыр.