Дүниежүзілік Көшпенділер ойындарына дайындық барысы тексерілді
Ашық дереккөз
Жарыстарды өткізу жөніндегі штаб мүшелері елорданың коммуналдық, медициналық, полиция және өрт сөндіру қызметтерінің дайындығын тексерді, деп хабарлайды Bassport.kz Sport Plus Qazaqstan-ға сілтеме жасап.
Штаб мүшелері бірқатар нысанды – Ұлттық музей, «Думан» қонақ үйі, этноауыл, «Қазанат» ипподромы, жекпе-жек сарайы және «Астана Арена» нысандарын тексерді. Қазіргі уақытта барлық қызмет мамандарының тұратын орындары анықталды, тамақтану мәселелері және т.б шешілді. Барлығы 150 медицина қызметкері тартылады. Бұдан басқа, іс-шараларды өткізу кезеңінде барлық коммуналдық қызметтің үздіксіз жұмысы қамтамасыз етіледі.
V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары Астанада 8-13 қыркүйек аралығында өтеді, оған әлемнің 89 елінен 2 500-ден астам қатысушы қатысады.