Давид Дегтярев - Париждегі Паралимпиада ойындарының чемпионы

Давид Дегтярев - Париждегі Паралимпиада ойындарының чемпионы
Басқа

ҰОК

Қазақстандық Давид Дегтярев Париждегі Паралимпиада ойындарының чемпионы атанды, деп хабарлайды Bassport.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.  

Отандасымыз пауэрлифтингтен 54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде топ жарды. Оның ең үздік нәтижесі – 188 келі. 

Айта кетелік, Дегтярев өз мансабында екінші рет Паралимпиада ойындарында жеңіске жетіп отыр. Бұған дейін ол Токиодағы пара ойындарда топ жарған еді. 

Қазақстан құрамасының еншісінде екі медаль бар. Бұған дейін мерген Еркін Ғаббасов күміс жүлде еншілеген.