Қазақстан құрамасы Париждегі Паралимпиада ойындарында алғашқы медалін жеңіп алды

Қазақстан құрамасы Париждегі Паралимпиада ойындарында алғашқы медалін жеңіп алды
Басқа

ҰОК

Бүгін Қазақстан құрамасы Париждегі Паралимпиада ойындарында алғашқы медалін жеңіп алды, деп хабарлайды Bassport.kz ҰОК-ге сілтеме жасап. 

Қазақстан командасының мүшесі Еркін Ғаббасов пневматикалық винтовкамен нысана көздеуден (SH1 санаты) күміс жүлдегер атанды.

Ғаббасов финалда 247.3 ұпай жинап, Паралимпиаданың жүлдегерлері қатарына еніп отыр.