Гір тасын көтеруден шардаралықтар әлем чемпионатында 11 алтын алды
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Қырғызстанның Чолпан-Ата қаласында гір тасын көтеру спортынан кіші жасөспірім, жасөспірім және жастар арасында әлем чемпионаты өтті, деп хабарлайды Bassport.kz.
Аталған байрақты бәсекеде Шардара ауданының спортшылары 11 алтын, 11 күміс, 5 қола жүлдені иеленді.
Жеңіс тұғырынан көрінген спортшыларды атап айтар болсақ:
Серпе көтеруден Кіші жасөспірімдер арасында әлем чемпионы
1. Жансанбай Нұрқанат
Жастар арасында әлем чемпиондары
1. Байдуллаев Бағжан
2. Қуаныш Ерасыл
3. Серикбай Нұрбала
Жұлқа көтеруден Жасөспірімдер арасында әлем чемпионы
1. Данышхан Айдар
Жастар арасында әлем чемпиондары
1. Шинтанов Бақдаулет
2. Тұрғанбай Нұрбатыр
Ұзын циклда көтеруден Жастар арасында әлем чемпиондары
1. Қуаныш Ерасыл
2. Шинтанов Бақдаулет
3. Ауесбек Медет
4. Серикбай Ажар