Паралимпиада-2024: Милана Красавцева ширек финалға жолдама алды

Паралимпиада-2024: Милана Красавцева ширек финалға жолдама алды
Басқа

Спорт және дене шынықтыру істері комитеті

Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан Жазғы Паралимпиада ойындарында қазақстандық пара таеквондошы Милана Красавцева ширек финалға шықты, деп хабарлайды Bassport.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің хабарлауынша, пара таеквондодан (К44 класс) Милана Красавцева (52 келі) іріктеу кезеңінде Доминикан Республикасынан келген спортшысы Геральдо Диаспен кездесті.

Жекпе-жектің негізгі кезеңінде жеңімпаз анықталған жоқ. Қарсыластар 8:8 есебіне қанағат білдірді. Қосымша раундта қазақстандық спортшы 10:8 есебімен жеңіске жетті. Нәтижесінде отандасымыз ширек финалға жолдама алды.

Милананың ендігі қарсыласы - мексикалық Джессика Гарсия Куиджано.

Сондай-ақ, 20:00-де волейболды отырып ойнаудан Қазақстан құрамасы Франциямен кездеседі.