Томас Бах ХОК президенті қызметінен кететінін мәлімдеді
ХОК
Халықаралық олимпиадалық комитеттің (ХОК) президенті Томас Бах аталған ұйымның 142-сессиясында өкілеттілік мерзімі аяқталғаннан кейін қызметінен кететінін айтты, деп хабарлайды Bassport.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Неміс маманы Халықаралық олимпиадалық комитетіне 2013 жылдан бері басшылық жасап келеді. 2021 жылы төрт жылдық мерзімге қайта сайланды. Бұл олимпиадалық хартия бойынша соңғы мерзім ретінде саналады. Осыған байланысты ХОК-тің бірқатар мүшелері Бахтың өкілеттілік мерзімін ұзартуға қатысты регламентті өзгерту жөнінде ұсыныс білдірген еді.
Халықаралық олимпиадалық комитеттің жаңа президентін сайлау 2025 жылдың наурыз айында өтеді. 70-жастағы Томас Бах қажет болған жағдайда өз ізбасарына көмектесуге дайын екенін айтты.
Томас Бах өзінің спорттық мансабында 1976 жылы командалық сайыста семсерлесуден Олимпиада чемпионы атанған.