Франциялық футболшы «Астанадан» кетті
Футбол
ФК Астана
Елордалық «Астана» футбол клубы франциялық ойыншы Фабьен Уреганың кеткенін ресми түрде мәлімдеді, деп хабарлайды Bassport.kz.
«Франциялық жартылай қорғаушы Фабьен Урега тараптардың келісімі бойынша «Астана» футбол клубынан кетеді. Урега «Астана» сапында 50 матч өткізіп, 1 гол соғып, 8 нәтижелі пас берді. Фабьенге клубтың жетістіктеріне қосқан баға жетпес үлесі үшін шын жүректен алғыс айтамыз және алдағы уақытта сәттілік тілейміз!» - деп жазылған хабарламада.