Бүгін Париж Олимпиадасының соңғы жарыс күні

Бүгін Париж Олимпиадасының соңғы жарыс күні
Басқа

Olympic.kz

Франция астанасы Париж қаласында 26-шілдеде алауы тұтанған Париж Олимпиадасы бүгін мәресіне жетеді, деп хабарлайды Bassport.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Салтанатты жабылу рәсімі Астана уақытымен 23:00-ге жоспарланған. Ойындардың жабылуын тікелей эфирден 23:15-те Qazaqstan, Qazsport және Хабар телеарналарында көруге болады. Жабылу салтанаты қызықты халықаралық шоу жұлдыздарының ән шашуымен басталып, Олимпиада алауын 2028 жылы келесі ойындарды қабылдайтын Лос-Анджелес қаласының мэріне тапсырумен аяқталады. Аталған шара «Стад де Франс» стадионында өтеді. Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан құрамасы әзірге 1 алтын, 3 күміс, 3 қола медальмен жалпы медалдар кестесінде 41-орында тұр. Қазақстандықтар Париж Олимпиадасының жабылу салтанатын Jibek Joly арнасынан тікелей эфирде көре алады.