Дмитрий Попко Колумбиядағы турнирдің жартылай финалына шыға алмады
Теннис
ҚТФ
Колумбияның Богота қаласындағы ATP «Челленджер» турнирінде қазақстандық теннисші Дмитрий Попко жекелей сындағы үшінші кездесуінде жеңіліп қалды, деп хабарлайды Bassport.kz.
Отандасымыз әлемнің 260-ракеткасы колумбиялық Николас Мехимен кездескен болатын.
2 сағат 38 минутқа созылған тартысты бәсекеде Попко қарсыласына 6:0, 6:7 (4:7), 2:6 есебімен есебімен жол берді.