Қазақстандық жасөспірім теннисшілер Сербиядағы жарыста үздік шықты

Қазақстандық жасөспірім теннисшілер Сербиядағы жарыста үздік шықты
Теннис

ҚТФ

Қазақстандық теннисшілер 12 және 14 жасқа дейінгілер арасында Tennis Europe жарыстарында табысты өнер көрсетті, деп хабарлайды Bassport.kz Prosports.kz-ке сілтеме жасап. 

Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, Сырымжан Барлықов Сербиядағы турнирде 12 жасқа дейінгілер арасында жекелей сында финалға дейін жетіп, корт иесі Никола Йотичке қана есе жіберді – 1:6, 2:6. С.Барлықов тағы бір қазақстандық Эмир Айтбаевпен бірге жұптық сында соңғы бәсекеде болгариялықтар Владимир Стойменов – Даниель Васевті 6:2, 6:4 есебімен ұтып, чемпион атанды.

Германияның Аугсбург қаласында Аңсар Ниетқалиев финалда ғана германиялық Лоренцо Руннерге жол берді – 2:6, 2:6. Аустрияда Мариям Нұржан ресейлік Дарья Беляковамен бірге шешуші матчта аустриялықтар Юлия Эхренбергер – Мия Ньюмюллерден 1:6, 4:6 есебімен ұтылды.