Париж Олимпиадасында алғашқы әлемдік рекорд орнады

Париж Олимпиадасында алғашқы әлемдік рекорд орнады
Басқа

en.yna.co.kr

Париж Олимпиадасында алғашқы әлемдік рекорд тіркелді, деп хабарлайды BasSport.kz Олимпиада ойындарының ресми сайтына сілтеме жасап. 

Бұл садақ атудан іріктеу жарысы кезінде болды. Рейтингілік раундта оңтүстіккореялық спортшы Лим Си-хен 72 атудан 694 ұпай жинап, бұған дейінгі әлемдік рекордтан асып түсті. 

Бұған дейін рекорд оның отандасына тиесілі болатын. 2019 жылы Кан Че Ён 72 атудан 692 ұпай жинады.