Әлем кубогында түркістандық тоғызқұмалақшылар қос жүлдеге қол жеткізді
Басқа
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Чехия мемлекетінің Пардубице қаласында 11-19 шілде күндері тоғызқұмалақтан ерлер мен әйелдер арасындағы әлем кубогы өтті, деп хабарлайды BasSport.kz.
Зияткерлер бәсекесіне әлемнің түкпір-түкпірінен кіл мықтылар жиналып, бас жүлдеге таласты. Тартысқа толы өткен сайыста Түркістан облысының спортшылары 1 алтын, 1 қола медаль еншіледі.
Әйелдер арасындағы блиц бағдарламасында Аружан Салман барлық қарсыласын қапы қалдырып, алтыннан алқа тақса, өңір мақтанышы Әсел Далиева қола медаль алды.
Қос спортшы да Түркістан облыстық ұлттық спорт түрлері мектебінің шәкірттері.