ҰОК мен ІІМ әріптестік туралы келісімге қол қойды
Басқа
ҰОК
Ішкі істер министрі Ержан Сәденов пен ҰОК президенті Геннадий Головкин полиция ведомствосында әріптестік туралы келісімге қол қойды, деп хабарлайды BasSport.kz Ұлттық олимпиадалық комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Бүгінгі кездесу біздің спортты дамыту және жоғары нәтижеге қол жеткізу жолындағы бірлескен іс-қимылымызды жалғастырады деп сенемін. Тәуелсіздік алғалы бері Олимпиада ойындарында жеңіп алған 71 медальдің 66-сы «Динамо» қоғамдастығынан шыққан атлеттерге тиесілі екенін айта кеткім келеді», - деді Ішкі істер министрі Ержан Сәденов.
Ұлттық Олимпиада комитеті басшысы отандық спортты дамыту бірлескен күшті талап ететін жауапты іс екенін алға тартты.
«ҰОК біздің олимпиадашыларды дайындау жолында қолдау көрсеткен Ішкі істер министрлігі көмегін жоғары бағалайды. Біздің әріптестігіміз Қазақстандағы спортты одан әрі дамытуға және атлеттерімізді әлемдік деңгейдегі жеңіске жетелейтініне себеп боларына сенемін. Біздің мақсатымыз ортақ, бір елдің намысын қорғаймыз, сондықтан, бірге жұмыс істейміз», - деді Головкин.