«125,9 миллион теңге»: «Барыстағы» ең көп жалақы алатын хоккейші кім
Хоккей
hcbarys.kz
Елордалық «Барыстың» хоккейшілерінің жаңа маусымда қанша жалақы алатыны белгілі болды, деп хабарлайды Bassport.kz 1bol.kz-ке сілтеме жасап.
Клубтағы ең қымбат үш ойыншының есімі анықталды. Кирилл Савицкий елордалық клубтың жаңа маусымдағы ең көп жалақы алатын хоккейшісі атанды.
«Спорт-Экспресс» хабарлауынша, оның жалақысы 125,9 миллион теңгені құрайды. Одан кейін 110,2 миллион теңге жалақымен Роман Старченко тұр. Ал, үздік үштікті Кирилл Панюков түйіндеді. Оның жалақысы 104,9 миллион теңге құрады.
Айта кетейік, аталған сомаға хоккейшілерге берілетін бонустар кірмейді, бұл спортшыларға негізгі жалақысы ретінде беріледі.