Түркістандық ескекшілер ел біріншілігінде 33 медаль жеңіп алды
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Теміртау қаласында академиялық есуден ересектер арасында Қазақстан чемпионаты өтті, деп хабарлайды BasSport.kz.
Дүбірлі додаға еліміздің 5 өңірінен 110 спортшы қатысты. Ел чемпионатында Түркістан облысының спортшылары сәтті өнер көрсетіп, 33 медаль жеңіп алды.
Нақтырақ айтсақ, түркістандықтар 24 алтын, 5 күміс және 4 қола жүлде еншіледі. Осылайша, Түркістан облысының су спорты түрлері мектебінің өрендері сенімді ақтады.
Әртүрлі бағдарламалар бойынша чемпион атанғандар:
M1x – Яковлев Владислав
W1x, W2x, W4x – Жакупова Мелани
LM1x, M2x – Афанасьев Александр
M2-M4 – Чернухин Иван, Галкин Владислав
W2-W4 – Волкодавова Валентина,
Лебедева Мария
LM2x, LM4x – Керімбек Әділет
LW2x – Кеңес Роза
М4х – Яковлев Владислав,
Афанасьев Александр
LW4x – Кеңес Роза, Волкодавова Валентина
LW4 – Айдарова Лияра, Айдарова Айлин, Сапарқұл Еркежан
Медаль саны бойынша бірінші орынды 33 медальмен Түркістан облысының спортшылары еншілесе, екінші орынға астаналықтар тұрақтады. Үздік үштікті қарағандылықтар түйіндеді.
Спортшыларды Түркістан облысының аға жаттықтырушысы Иван Лукьянов және Александр Степенко, Михаил Горбунов, Байсангур Цатышаев, Виктория Ли сынды бапкерлер даярлады.