Сайрамдықтар жеңімпаз оқушыларды құрметпен күтіп алды

Сайрамдықтар жеңімпаз оқушыларды құрметпен күтіп алды
Басқа

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Республикалық ұлттық мектеп лигасы аясында ұйымдастырылған «Шұбар доп» жарысы өз мәресіне жетті, деп хабарлайды BasSport.kz. 

Абай облысының Семей қаласында өткен волейбол жарысында 1-орын алған Көлкент елдімекеніндегі №96 жалпы білім беретін мектептің оқушылары ауданға оралды. Оларды аудан әкімінің орынбасары М.Әліпов, Көлкент ауылдық Округінің әкімі У.Юлдашев, халық қалаулылары, аудандық білім бөлімінің қызметкерлері және ұстаздар мен ата-аналар ыстық ықыласпен күтіп алды.

Сөз арасында Мадияр Бақтыбайұлы ауданының беделін биіктеткен вволейболшыларға аудан әкімі Арман Сәбитұлының сәлемін жеткізіп, жарқын жеңістерімен құттықтады. Сондай-ақ жарыста жеңіске жету жолында жаттықтырушыларымен бірге қолдау таныта білген ата-аналарға алғыстарын айтты. Бұқаралық спорт түрін дамыту жолында биік шыңдарға шығуына тілектестігін білдіріп, арнайы сый-сияпаттар табыстады.