Кентауда Президенттік көпсайыстан облыстық чемпионат өтеді
Басқа
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Кентау қаласында Түркістан облысының құрылғанына 6 жыл толуына орай ересектер арасында Президенттік көпсайыстан облыстық чемпионат өтті, деп хабарлайды BasSport.kz.
Жарыста спортшылар 3 шақырым қашықтыққа жүгіру, жүзу, 100 метрге жылдамдыққа жүгіру және қашықтыққа секіру сынды спорт түрлерінен 5 түрлі жас ерекшеліктері бойынша сынға түсіп, өзара бақ сынады.
Жалпыкомандалық есепте Түлкібас ауданы облыс чемпионы атанды. Екінші орынды Кентау қаласы алса, үздік үштікті Мақтаарал ауданының құрамасы түйіндеді. Жүлделі орындардан көрінген командалар Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы тарапынан кубок, медаль және алғыс хаттармен марапатталды.