Түркістандық спортшылар теңге ілуден Азия чемпионатында қос алтынды еншіледі

Түркістандық спортшылар теңге ілуден Азия чемпионатында қос алтынды еншіледі
Басқа

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Алматы облысында теңге ілуден Азия чемпионаты мәресіне жетті, деп хабарлайды BasSport.kz.

Ұлттық спортты дәріптеу мақсатында ұйымдастырылған байрақты бәсекеге сары құрлықтың 10 елінен 30-ға жуық спортшы бақ сынады. Теңге ілудің 3 түрі бойынша сынға түскен спортшылар өзара мықтыларды анықтады. 

Әр мемлекет атынан 3 спортшы ғана қатысуға рұқсат берілген жарыста түркістандық қос шабандоз теңге ілудің екі түрі бойынша үздік шықты. Ғалымжан Ізжанов - «Бес белес» стилінде сары құрлықтың 3 дүркін жеңімпазы болса, «Құлаш» стилінде сынға түскен Рахат Қамбаров 1-орынмен қатар, абсолюттік чемпион атанды.