Станислав Черчесов Қазақстан құрамасының бас бапкері атанды

Станислав Черчесов Қазақстан құрамасының бас бапкері атанды
Футбол

РИА Новости

Ресейлік маман Станислав Черчесов футболдан Қазақстан құрама командасының бас бапкері болы тағайындалды, деп хабарлайды BasSport.kz.

Жатықтырушы Астана қаласына келіп, футбол федерациясымен келісімшартқа қол қойды. Черчесов осы лауазымға басты үміткер болған еді.

"Біз қол алыстық. Мен футболдан Қазақстан құрамасын жаттықтырамын деген шешім қабылданды! Енді біз келісімшарттың соңғы тұстарын талқылаймыз және келісеміз", - деді Стансилав Черчесов "Московский комсомолец" тілшісіне.

Сондай-ақ "Московский комсомолец" басылымына федерация президенті Әділет Барменқұлов та мәлімдеме жасады.

"Біріншіден, Станислав Черчесовпен шартқа қол қою - бұл қазақстандық футболдың жаңа кезеңі. Біздің футболда қалыптасқан негізгі принциптер бүкіл футбол әлеміне жақсы танымал әрі  беделді маманмен жалғасады. Оның қазақстандық футболдың дамуына зор үлес қосатынына сенімдіміз. Біз қазір соңғы мәліметтерді талқылап жатырмыз".

60 жастағы маманның соңғы жұмыс орны венгриялық "Ференцварош" клубында болған еді. Станислав Черчесов өз мансабында Ресей құрамасын, польшаның "Легия" клубын, мәскеулік "Динамо", "Амкар", "Терек", "Жемчужина" және "Спартак" командаларында жаттықтырушы болған.

Естеріңізге сала кетейік, мамырдың соңында Магомед Адиев Қазақстан құрамасының бас жаттықтырушысы қызметінен кеткен еді.