"Барыс" қақпашысы "Металлург" клубына ауысуы мүмкін

Хоккей

Астаналық "Барыс" хоккей клубының қақпашысы Джелал-ад-Дин Әмірбеков Магнитогорскілік "Металлургтің" жүйесіне ауысы мүмкін, деп хабарлайды BasSport.kz. 

Бұл туралы хоккей комментаторы Александр Олейник "Hockey Go" YouTube-арнасына берген сұхбатынлда мәлімдеді. 

"Менің білуімше, Джелал-ад-Дин Әмірбеков Жоғарғы хоккей лигасында ойнайтын магнитогорскілік командаға барады. Ойыншыға маусым алдындағы үлкен жиын болатыны айтылыпты.  Үлкен жиын болмақ. Соның аясында Құрлықтық хоккей лигасында ойнайтын команда мен ЖХЛ-да өнер көрсететін клуб арасында жолдастық кездесулер өтуі мүмкін. Қақпашы бойшаң. Ал, "Металлург" ондай қақпашыларға сенім артатынын білеміз. Сондықтан Әмірбеков те мүмкіндік болып қалар", - деді Александр Олейник.   


21 жастағы Әмірбеков "Барыс" клубының жүйесінде өнер көрсетеді. Құрлықтық хоккей лигасында бірде-бір ойынға қатыспады. Негізінен қақпашы "Номад" клубының намысын қорғайды.